Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін тағы бірнеше қазақстандық іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Түркия
Түркиядағы жер сілкінісі. Фото: Emin Sansar/Anadolu Agency via Getty Images

Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиевтің мәлімдеуінше, Түркиядағы қайғылы жағдайдан кейін бірнеше қазақстандық азамат байланысқа шықпай қалған. Мәдиев өз Instagram парақшасында жоғалған Мирус Құрмашевті іздеуге көмектесу мәселесіне қатысты қолданушылардан жүздеген хат келгенін хабарлады.

"Мируспен бірге оның үш әріптесі де байланысқа шықпай қалды: Әділ Қадырбеков, Сабина Мамадиярова, Kubilay Keskin", – деп жазды Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев Instagram парақшасында.

Сонымен қатар Мағжан Мәдиев жоғалғандарды іздеу үшін қазақстандықтармен бірге Хатай қаласына бара жатқанын жазды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жоғалған қазақстандықтарды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын NUR.KZ тілшісіне растады.

Айта кетейік, кеше Түркиядағы жер сілкінісінен Хатай қаласында қазақстандық Мирус Құрмашевтің жоғалғаны мәлім болды. Мирус Құрмашев Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008590-turkiyadagy-zer-silkinisinen-keiin-tagy-birnese-qazaqstandyq-izdestirilip-zatyr/

pixel