jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Астанада көлік жүргізушілеріне автобус жолағымен жүруге рұқсат берілу мүмкін

Көлік айдап отырған ер адам
Көлік айдап отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада автомобильдердің қоғамдық көлікке арналған жолақшада қарбалас уақыттан тыс және демалыс күндері жүру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласында осы мәселені шешу бойынша онлайн-дауыс беру басталды.

Дауыс беру 27 ақпанға дейін жалғасады.

"Пилоттық жоба Абылай хан даңғылында Пушкин-Манас көшесі аралығына дейін енгізілді. Бұл көшелерде қарбалас уақыттан тыс уақытта қарапайым көліктердің жүруіне болады. Ал таңертеңгі сағат 07.30-дан 9.30-ға дейін және кешкі сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін автобус жолағымен жүруге тыйым салады", - делінген хабарламада.

Астанада көлік жүргізушілеріне автобус жолағымен жүруге рұқсат берілу мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.