jitsu gif branding logo appbranding logo app

Түркияда көмек көрсетіп жатқан қазақстандық құтқарушының қызы дүниеге келді

дүниеге келген нәресте
Дүниеге келген нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркиядағы жер сілкінісінің зардаптарын жоюға қатысып жатқан қазақстандық құтқарушының қызы дүниеге келді. Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жоюға қатысып жатқан қазақстандық құтқарушылардың үлкен командасының құрамындағы ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Біржан Байқұловтың бүгін Алматыда қызы дүниеге келді. Оған Ясмина деген есім берген.

Ержүрек құтқарушымызды қызының дүниеге келуімен құттықтаймыз және оған зор денсаулық, ал өзіне Отанына тезірек аман-есен оралуын тілейміз!", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Біржан Байқұлов
Біржан Байқұлов. Фото: https://t.me/qr_tjm

Еске сала кетсек, қазіргі таңда Түркияның жер сілкінісі болған аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың екі тобы жұмыс істеуде.

Олар зілзаладан кейін із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіруге, төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға көмек көрсетуде.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.