Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дабыл шабаданы неден тұрады: ТЖД маңызды ақпарат таратты (видео)

Опубликовано:

Алматылық құтқарушылар дабыл чемоданы қандай болатынын көрсетті
Дабыл чемоданы. Видеодан кадр: Т.me/qr_tjm

Алматылық құтқарушылар қазақстандықтарға төтенше жағдай кезінде дабыл шабаданын қалай жинау керектігін айтып берді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасы.

Дабыл шабаданы – бұл құтқарушылар келгенге дейін немесе жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және т. б. төтенше жағдай аймағынан қауіпсіз эвакуацияланғанға дейін, экстремалды жағдайларда аман қалуға арналған заттардың базалық жиынтығы.

"Біздің сейсмикалық қауіпті аймақта тұратынымызды ескере отырып, бүгіннен бастап дабыл чемоданын дайындау қажет", – дейді алматылық құтқарушылар.

Дабыл шабаданында не болуы керек

ТЖД қызметкерлері келесі заттарды рюкзакқа, шағын сөмкеге немесе шабаданға салуды ұсынады:

  • ақша;
  • құжаттар;
  • алғашқы көмек жинағы;
  • су;
  • консервіленген тамақ;
  • жоғары калориялы тағам;
  • жеке гигиена құралдары;
  • жылы киімдер;
  • плед;
  • радиоқабылдағыш;
  • батареямен жұмыс істейтін фонарь;
  • сіріңкелер;
  • ысқырғыш.

"Электрондық үкімет" сайтында дабыл шабаданынан екеуін дайындаған дұрыс көрсетілген: біреуін үйде, қолжетімді жерде сақтау керек, екіншісін көліктің жүк салғышына қойған дұрыс.

"Артық ештеңе алмаңыз. Есіңізде болсын: өзіңізбен бірге көбірек тамақ, ауыз су мен дәрі-дәрмек, екі-үш жиынтық ең қажетті заттарды алғаныңыз дұрыс", деп кеңес берді мамандар.

Эвакуация алғашқы дабыл ескертулерінен басталу керек – бұл үш минуттан бес минутқа дейін үздіксіз созылатын сиреналардың дыбысы. Оның мағынасы мынада: барлығы радионы немесе теледидарды қосып, не болып жатқаны туралы хабарламаларды алу үшін оларды жергілікті толқынға қарай реттейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009090-almaty-tzd-dabyl-samadany-neden-turatynyn-korsetti-video/

pixel