Қазақстандықтар Түркия үшін 3 млн долларға жуық қайырымдылық жасады
Жарияланған күні:
Түркияның Қазақстандағы елшілігі өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында еліміздің жанашыр азаматтарына жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге жасаған қайырымдылықтары үшін алғысын білдірді.
Дипломатиялық өкілдіктің мәліметінше, қазақстандықтар жинаған жалпы сома шамамен 3 млн долларды құраған.
"Соңғы үш күнде жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ашылған Қазақстандағы көмек шотына жиналған 1 миллион 28 мың 706 АҚШ доллары AFAD ресми шотына аударылды. Осылайша, жалпы қайырымдылық сомасы 2 миллион 849 мың 836 АҚШ долларын құрады. Көп рақмет", – делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009226-qazaqstandyqtar-turkiya-usin-3-mln-dollarga-zuyq-qaiyrymdylyq-zasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.