jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Шымкентте 10 градусқа дейін жылы: бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

Қар үрле тұрған бойжеткен.
Бойжеткен. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 14 ақпан, сейсенбіде ел аумағы мен Қазақстанның ірі үш қаласы - Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен, бүгін еліміздің батысында, солтүстік-батысында қар, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, желдің күшеюі, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Тек республиканың солтүстік жартысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман күтіледі.

Сондай-ақ метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күндіз сынап бағанасы +1...+3 градусты көрсетеді, түнде ауа температурасы -5...-7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Астанада күндіз -10-12 градус аяз болса, түнде термометр көрсеткіші -18...-20 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Желдің жылдамдағы 2-7 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Шымкентте күндіз +8...+10 градус жылы, түнде ауа температурасы 0...+2 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Мамандар мегаполис тұрғындарына желдің жылдамдығы 8-13 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін екенін ескертті.

Метеорологиялық қызметтің болжамына сүйенсек, сейсенбіде Қазақстанның үш мегаполисінде де жауын-шашын күтілмейді.

Шымкентте 10 градусқа дейін жылы: бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.