Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлгінов 2030 жылға қарай Астанадағы халық саны қаншаға жетуі мүмкін екенін айтты

Опубликовано:

елорда
Астана. Фото: Рixabay.com

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-премьер-министр Алтай Көлгінов 2030 жылға қарай Астанадағы халық саны қанша миллион болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алтай Көлгінов Астананың белсенді дамып келе жатқанын хабарлады.

"Бірінші бас жоспар бойынша халықтың болжамы 800 мың адамды құрады. 2010 жылы бас жоспарда елордада 2030 жылы 1,2 миллион адам тұрады деп көзделген. Біз бұған 2020 жылы жетіп қойдық. Біз осының бәрін ескере отырып, жаңа бас жоспармен жұмыс істеп жатырмыз. 2030 жылға қарай халық саны – 2-2,5 млн адам", – деді ол.

Оның айтуынша, бас жоспар квадратураның тығыздық стандарттарын ескереді және полицентризм принципін сақтауды қарастырады.

"Бұл әр ауданда әлеуметтік нысандар болуы керек дегенді білдіреді. Халық санының қарқынды өсуі, жаңа аудандардың ашылуы, халықтың өсуін, көлік санының ұлғаюын ескере отырып, мұның бәрі жаңа ,ас жоспардың жобасында ескеріледі", – деп сендірді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009367-kolginov-2030-zylga-qarai-astanadagy-xalyq-sany-qansaga-zetui-mumkin-ekenin-aitty/

pixel