Жаңбыр, қар, көктайғақ: Алдағы үш күнде елде ауа райы қандай болады
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың жекелеген аудандарында қар жауады. Ал еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жаууы ықтимал.
16-18 ақпанда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр, қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі.
Республиканың оңтүстік жартысында көктайғақ болса, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түсуі мүмкін.
Сонымен қатар синоптиктер солтүстік өңірлерде кейде жел күшейіп, бұрқасын болады деп болжап отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2009488-zanbyr-qar-koktaigaq-aldagy-us-kunde-elde-aua-raiy-qandai-bolady/