Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 ақпаннан бастап қазақ-өзбек шекарасындағы екі өткізу пункті жұмысын тоқтатты

Опубликовано:

шекара бекетінде тұрған көліктер
Шекара аймағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

15 ақпаннан бастап қазақ-өзбек шекарасындағы "Атамекен" және "Қазығұрт" өткізу пункттері жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ресми сайтында.

Ведомствоның хабарлауынша, 2023 жылдан бастап 2024 жылдар аралығында Қазақстан-Өзбекстан шекарасында орналасқан "Қапланбек", "Қазығұрт" және "Атамекен" өткізу пункттерінде жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты жоғарыда аталған екі өткізу бекеті жұмысын тоқтатады.

"2023 жылдың 15 ақпанынан бастап, "Қазығұрт" (ҚР) – "С.Наджимов" (ӨР), "Атамекен" (ҚР) – "Гулистан" (ӨР) өткізу пункттері арқылы жеке азаматтардың, жеңіл көліктердің, автобустардың және 3,5 тоннаға дейін жүк көтере алатын автокөлік құралдарының өтуіне шектеу қойылып, тек жүк автокөлік құралдары өткізіледі", – делінген хабарламада.

Ведомство қазақ-өзбек шекарасын төмендегі өткізу бекеттері арқылы кесіп өтуге болатынын айтты:

  • "Жібек жолы" (ҚР) – "Гишт куприк" (ӨР) өткізу пункттері арқылы (жеке азаматтар, жеңіл автокөліктер және автобустар).
  • "Сырдарья" (ҚР) – "Малик" (ӨР) және "Целинный" (ҚР) – "Ок олтин" (ӨР) бақылау-өткізу пункттері арқылы (жеке азаматтар және жеңіл автокөлік құралдары).
  • "Б.Қонысбаев" (ҚР) – "Яллама" (ӨР) өткізу пункттері арқылы (жеке азаматтар, жеңіл автокөліктер, автобустар және 3,5 тоннаға дейін жүк көтере алатын автокөлік құралдары).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009564-15-aqpannan-bastap-ozbekstanmen-sekaradagy-eki-baqylau-otkizu-beketi-zumysyn-toqtatty/

pixel