Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің кей аумақтарында қатты жауын-шашын күтілуде

Опубликовано:

Еліміздің екі ірі қаласында қар аралас жаңбыр күтілуде
Жауынды күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 16 ақпан, бейсенбіде республика аумағында және еліміздің ірі қалалары - Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Кей жерлерде қар, республиканың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (қар және жаңбыр түрінде), желдің күшейюі, бұрқасын, сондай-ақ республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарда қатты жаңбыр, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз Атырау облысының шығысында, орталығында қалың қар жаууы ықтимал.

Сонымен қатар Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде қалың қар, күндіз облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Метеорологтардың мәліметінше, ал Алматы қаласында бүгін +1...+3 градусқа дейін жылы болады. Десе де, түнде ауа температурасы 0...-2 градусқа дейін төмендейді. Мегаполисте де қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде, желдің жылдамдығы 2-7 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Астанада бүгін жауын-шашын күтілмейді, алайда синоптиктер елордада күндіз -14...-16 градус аяз болады деп болжап отыр, түнде ауа температурасы -21...-23 градусқа дейін төмендемек. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с.

Шымкентте де бүгін қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с дейін күшеюі ықтимал. Сынап бағанасы мегаполисте күндіз +8 +10 градусты көрсетсе, түнде +3 градустан +5 градусқа дейін жылы болады деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009597-bugin-elimizdin-kei-aumaqtarynda-qatty-zauyn-sasyn-kutilude/

pixel