jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында қар жауып, жел күшеюі ықтимал

жауын-шашын
Жауынды күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 17 ақпан, жұма күніне арналған Қазақстанның үш ірі қаласы – Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады. Мәліметті "Қазгидромет" РМК ресми сайты ұсынды.

Бүгін синоптиктердің болжамынша, Алматыда күндіз қар аралас жаңбыр, түнде тек қар жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз +5...+7 градус жылы, түнде -1...+1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с дейін болады деп болжанады.

Астанада да бүгін қар жауады, сынап бағанасы күндіз -6...-8 градусты көрсетсе, түнде -11...-13 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Елордада жел күшейіп, жылдамдығы 9-14 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Синоптиктердің болжауына сәйкес, Шымкентте де қатты жел, оның жылдамдығы 8-13 м/с, ал екпіні 23 м/с жетеді деп күтілуде. Мегаполисте ауа температурасы күндіз 8-10 градус, түнде 0...+2 градусқа дейін жылы болмақ.

Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында қар жауып, жел күшеюі ықтимал

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.