jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Медеу мұз айдынында жаппай сырғанау бір аптаға тоқтатылады

Алматы қаласындағы Медеу мұз айдыны
Алматы қаласындағы Медеу мұз айдыны. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыдағы Медеу мұз айдынының әкімшілігі қала тұрғындары мен қонақтарына жаппай сырғанау уақытша тоқтатылатынын ескертті. Бұл мұз айдынында өтетін жарысқа байланысты, деп хабарлайды мекеме Instagram-дағы ресми парақшасында.

"21-24 ақпан аралығында Медеу мұз айдынында конькимен жеке және командалық жүгіруден Қазақстан кубогы өтеді. Осыған байланысты Медеу мұз айдынында жаппай сырғанау 18-24 ақпан аралығында тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Әкімшілік жарысқа республикалық маңызы бар екі қаланың және жеті өңірдің өкілдері қатысатынын атап өтті.

"21-22 ақпанда Қазақстан кубогының финалдық кезеңі, ал 23-24 ақпанда командалық старт өтеді. Жарыс күндері Медеу кешеніне кіру жанкүйерлер үшін тегін", - деп қосты Медеу мұз айдыны әкімшілігінің өкілдері.

Медеу мұз айдынында жаппай сырғанау бір аптаға тоқтатылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.