jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ресейлік әйел 40 жыл көріспеген туған әпкесімен Атырауда қауышты (фото)

Ресейлік әйел туған әпкесімен 40 жылдан кейін Атырауда кездесті
Атырауда кездескен туыстар. Фото: polisia.kz

Ресейден Атырау қаласына туған әпкесін іздеп келген әйел полицейлердің көмегімен 40 жылдан кейін туыстарын тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа порталдың жазуынша, 12 ақпан күні 102 қызметіне 76 жастағы ресейлік әйел хабарласып, Санкт-Петербург қаласынан Атырауға туыстарын іздеп келгенін, алайда оларды таба алмай жатқанын айтқан.

Атырау қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция қызметкерлері Самалбек Бегалиев пен Арон Кенжебекұлы жан-жақты тексеру жүргізіп, нәтижесінде Ресей азаматшасының туыстары табылған.

Ресми сайттың хабарлауынша, полиция қызметкерлерінің кәсібилігіне риза болған әйел полицейлерге алғысын айтқан.

"Атырау қаласында туған әпкем тұратын еді. 40 жыл бойы көріспеген соң, өзім іздеп осында келдім. Алайда оның қайда тұрып жатқаның білмей, туыстарымды таба алмай шарасыз күйде қалдым. Амалым қалмаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұрадым.

Олар жедел түрде менің туыстарымды тауып, кездестірді. Полиция қызметкерлерінің қырағылық қасиеттеріне тәнті болдым. Менің өтінішімді жерге қалдырмай көмек көрсеткені үшін ризашылығымды білдіремін", – дейді ресейлік әйел.

Ресейлік әйел 40 жыл көріспеген туған әпкесімен Атырауда қауышты (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.