Түркияның жер сілкінген аймағынан 13 Қазақстан азаматы мен олардың жанұясы елге қайтарылды
Жарияланған күні:
Түркиядағы 13 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері Қазақстанға жіберілді. Бұл туралы Түркиядағы Қазақстан елшілігінің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен Түркиядағы жер сілкінісі болған аймақтардан жиналған 13 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері және 2 Түркия азаматы Қазақстаннан келген ұшақпен Алматыға қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, соңғы мәлімет бойынша, Түркияда 38 мыңнан астам, Сирияда 6 мыңға жуық адам жер сілкінісінің құрбаны болды.
Қазақстан Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек ретінде 1 миллион доллар бөлді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009925-turkiyanyn-zer-silkingen-aimagynan-13-qazaqstan-azamaty-men-olardyn-zanuyasy-elge-qaitaryldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.