Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы қаланың жер сілкінісіне дейін және кейін қандай болғаны биіктен көрсетілді (видео)

Опубликовано:

Түркиядағы жер сілкінісінің салдары
Хатай қаласы жер сілкінісіне дейін және кейін. Видеодан кадр: TRT Haber

Түркияның TRT Haber телеарнасы өзінің YouTube арнасында бірнеше жер сілкінісі болған Хатай провинциясының бұрынғы және қазіргі видеоын жариялады.

Now Turkey сайтының хабарлауынша, Хатай - Түркияның оңтүстік-шығысында, Сириямен шекарада орналасқан провинция. Антакья, Искендерун, Дертъел, Кырыкхан, Рейханлы, Самандаг - өңірдегі ірі қалалар болып саналады.

Дәл осы Хатай провинциясында 6-7 ақпан күндері жойқын жер асты дүмпулері тіркелді. Телеарна зілзаладан кейінгі көшелер мен ғимараттарды биіктіктен көрсетті.

Айта кетсек, Хатайда әлі де жер сілкінісі болып жатыр. Мәселен, бүгін магнитудасы 5,1 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелген еді. БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, дүмпу салдарынан бірінші, екінші зілзаладан зақым келген ғимараттар опырылып түскен.

Еске сала кетсек, соңғы мәлімет бойынша, Түркияда 38 мыңнан астам, Сирияда 6 мыңға жуық адам жер сілкінісінің құрбаны болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009909-turkiyadagy-qalanyn-zer-silkinisine-deiin-zane-keiin-qandai-bolgany-biikten-korsetildi-video/

pixel