jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

"Бірінің жасы 13-те": Шымкенттегі балалар үйінен екі қыз бала қашып кетті

Қыз бала
Көрнекі фото: pexels.com

Шымкенттегі балалар үйінен екі тәрбиеленуші қашып кетті. Бұл жағдайды қалалық білім басқармасы растап отыр, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, екі қыз 16 ақпан күні кешкі сағат 21:45 шамасында өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығынан шығып кеткен. Әзірге қайта оралмаған.

"Мекеме қызметкерлері дер кезінде байқап, Шымкент қаласының полиция департаментіне және 102 жедел желісіне хабарлаған. Сондай-ақ Абай, әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық полиция басқармаларына да білім басқармасы тарапынан кәмелетке толмаған қыздарға қатысты "іздеу" жұмыстарын жүргізу туралы хаттар жолданды", – деп мәлімдеді Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Шымкент қалалық полиция департаменті қазір екі жасөспірімді іздеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Тәртіп сақшылары барлық бейнекамераларды бақылап, олар жүруі мүмкін орындарды тексеріп жатыр. Айта кетейік, жоғалып кеткен қыздың бірі 13 жаста, бірі 18-де екен.

"Жасөспірімдердің жоғалу жайты сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қыздардың жүрген жерін анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шараны жүргізуде", – деді Шымкент қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Мөлдір Бекеева.

"Бірінің жасы 13-те": Шымкенттегі балалар үйінен екі қыз бала қашып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.