Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада қар, Шымкентте 14 градус жылы: дүйсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

қар жауған сәт
Қыс кезі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер дүйсенбі, 20 ақпанда республика аумағында және Қазақстанның ірі қалалары - Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, скандинавиялық циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Яғни кей жерлерде қар, бұрқасын, батыс аудандарда және оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), республика бойынша көктайғақ, желдің күшеюі, тұман күтіледі.

Дүйсенбіде тек еліміздің шығысында, сондай-ақ оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтілеуде.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматы қаласында да жауын-шашын жаумайды. Күндіз ауа температурасы 5-7 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Астанада аздаған қар жауады деп күтілуде. Таңертең және күндіз жылдамдығы 9-15 м/с болатын күшті жел соғып, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Ауа температурасы 0...-2 градус шамасында.

Ал Шымкентте бүгін 12-14 градусқа дейін жылы болмақ. Үшінші мегаполисте жауын-шашын күтілмейді, желдің жылдамдығы 5 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010006-astanada-qar-zauyp-zel-kuseiedi-duisenbide-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel