jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Алматыда түнде жарығы сөніп қалған жатақхана суденттері тұрғындардың тыныштығын бұзған

Жарық шамдары. Көрнекі сурет
Жарық шамдары. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің жатақханасында жарық сөніп қалып, студенттер тұрғындардың тыныштығын бұзған, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасы.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, полицияға түн ортасында тұрғындардан тыныштықты бұзу туралы дабыл келіп түскен.

"Электр қуаты сөнген кезде студенттер жатақханасында тұратын жоғары оқу орындарының бірінің студенттері көшеге шығып, петардаларды жарып, айғайлап, ысқырған. Осылайша олар жақын маңдағы үйлердің тұрғындарының тыныштығын бұзған.

Бұған жол берген жатақхана коменданты ӘҚбК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ құзырлы орган университет басшылығымен бірлесе отырып, студенттер арасында түсіндіру әңгімесі жүргізілгенін атап өтті.

Алматыда түнде жарығы сөніп қалған жатақхана суденттері тұрғындардың тыныштығын бұзған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.