Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қанша мектепте күзет қызметі жоқ: Ішкі істер министрлігі мәлімет жариялады

Жарияланған күні:

Оқушы
Көрнекі фото: pixabay.com

ІІМ Күзет қызметін бақылау департаменті басқармасы басшысының орынбасары Серік Құспанов ведомствода өткен брифингте елімізде қанша мектеп лицензиясы бар күзет жүйесімен жабдықталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. тілшісі.

Серік Құспановтың мәліметінше, биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, тиісті лицензиясы бар жеке күзет ұйымдарымен 3 404 мектеп және 1371 балабақша күзетілетінін мәлімдеді.

"Ұсынылған мәліметтерге сүйене отырып, қазіргі таңда 3 298 мектеп пен 4 214 балабақша лицензиясы бар күзет қызметімен қамтамасыз етілмеген. Қалған оқу орындары (жоғары оқу орындары мен колледждер) бойынша статистика жүргізілмейді.

Оқу орындарында лицензияланған күзетпен қамтылмау мәселесі бойынша, күзет қызметтерін сатып алуға арналған, жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыны негізге алу қажет, себебі жеке күзет ұйымдары оларды ақылы негізде көрсетеді", - деді ол.

Ведомство өкілінің айтуынша, бұл мәселемен жергілікті атқарушы органдар, оқу-ағарту министрлігімен бірге әкімдіктер бірлесіп айналысуы тиіс.

Айта кетейік, Қазақстандағы мектептерді күзету шаралары, Петропавлда 13 ақпанда болған оқушыларға жасалған қарулы шабуылдан кейін қолға алынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010090-qazaqstanda-qansa-mektepte-kuzet-qyzmeti-zoq-iski-ister-ministrligi-malimet-zariyalady/