jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Бүгін Қазақстанның бір мегаполисінде күн райы 18 градусқа дейін жылынуы мүмкін

Бәйшешек
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 21 ақпанда Алматы мен Шымкентте күн райы жылы болмақ. Ал Астанада синоптиктер 2 градус суық болады деп болжап отыр. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Мамандардың болжауынша, бүгін Алматы қаласында жауын-шашын жаумайды. Күндіз сынап бағанасы +8...+10 градусқа дейін көтерілсе, түнде 0...-2 градус суық болады. Оңтүстік астанада желдің күші секундына 0-5 метрге жетеді.

Бүгін Шымкент қаласында да күн жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +16...+18 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. Ал түнде қалада сынап бағанасы +3...+5 градусқа төмендейді. Осы ретте, синоптиктер қалада жел 5-10 м/с дейін күшеюі мүмкін екенін ескертті.

Сейсенбіде Астана қаласында күн ала бұлтты, дегенмен жауын-шашын жаумайды деп болжануда. Сынап бағаналары 0...-2 градусты көрсетуі ықтимал. Сондай-ақ елордада желдің күші 9-14 м/с жетеді деп күтілуде.

Бүгін Қазақстанның бір мегаполисінде күн райы 18 градусқа дейін жылынуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.