Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пиязсыз қалмаймыз": Ауыл шаруашылығы министрі пияз өніміне қатысты жағдайға пікір білдірді

Опубликовано:

пияз/сарымсақ
Пияз/сарымсақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев үкімет кулуарында қазақстандықтардың пиязсыз қалмайтынына және 2023 жылы өнмінің жеткілікті мөлшерде егілетініне сендірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, Қазақстаннан пиязды экспорттау қаупі әлі де сақталып отыр, сондықтан экспортқа әлі тыйым бар.

"Пиязға қатысты жағдай тұрақталды, елімізде шамамен 70 мың тонна пияз қоры бар, оның 30 мың тоннадан астамы Жамбыл облысында.

Көтерме баға Жамбыл облысында 200 теңге, Астанада 260-300 теңге. Дүкендерде – 300-360 теңге, яғни ол қандай пияз, бастапқыда қандай бағамен сатып алынғанына байланысты.

Баға тұрақталды, пиязды экспорттауға тыйым салынған, десе де, елден шығару қаупі әлі де бар, жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Биыл жеткілікті пияз егіледі, (...) пиязсыз қалмаймыз", – дейді Ауыл шаруашылығы министрі.

Еске салсақ, биыл қаңтарда Қазақстаннан пияз экспорттауға үш айға тыйым салынған еді.

Одан бөлек былтыр елімізде өзге азық-түліктермен қатар пияз бағасы 26,5 пайызға қымбаттаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010403-piyazsyz-qalmaimyz-auyl-saruasylygy-ministri-piyaz-onimine-qatysty-zagdaiga-pikir-bildirdi/

pixel