Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желіде жеке парақшасын жүргізуге рұқсат па

Опубликовано:

Ер адам телефон қарап отыр
Ер адам. Көрнекі фото: Рexels.com

Мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерде парақша ашуға рұқсат етілген, бірақ белгілі бір шектеулер бар. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикердің сөзінше, мемлекеттік қызметшілердің жеке парақшасын жүргізуінде бірқатар шектеу бар.

"Әлеуметтік желілердегі парақшалардың мазмұнына қатысты азаматтарды арандатпауға және мемлекеттік органдарға деген сенімге нұқсан келтірмеуге тиіс тұстар бар.

Мемлекеттік қызметшілерге қымбат көліктердің, сәнді ғимараттардың, мейрамханалардың және тағы басқаның фонында, ойын-сауық орындарында түскен фотосуреттерін жариялауға тыйым салынады. Мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық қағидаларды ұстануы керек", – деп түсіндірді спикер.

Аталған шектеулерден басқа, Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін ақпаратты, тыйым салынған заттарды қолдану арқылы әдепсіз мінез-құлықты көрсететін фотосуреттерді жарияламауы тиіс.

Оған қоса спикер мемлекеттік қызметшілер нақты діни ұстанымдарын көрсетпеуі тиіс екенін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010427-memlekettik-qyzmetsilerge-aleumettik-zelide-zeke-paraqsasyn-zurgizuge-ruqsat-pa/

pixel