jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Із-түзсіз жоғалған 21 жастағы ақмолалық жігіт іздестірілуде (фото)

Рахман Божантаев
Рахман Божантаев. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Полиция із-түзсіз жоғалған 21 жастағы ақмолалық жігітті іздестіруде, деп хабарлайды Telegram-дағы POLISIA.KZ арнасы.

Белгілі болғандай, 20 ақпанда Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны 2002 жылы туған ұлы Божантаев Рахман Жасланұлын іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінген.

Ер адамның сөзінше, ұлы 6 ақпанда Астанадан қонаққа келіп, 13 ақпанда қайта кеткен. Содан кейін онымен байланыс үзілген. Осы уақытқа дейін ұлының орналасқан жері белгісіз.

Рахман Жасланұлының белгілері: бойы 170-175 см, арық денелі, шашы қара.

Полицияның мәліметінше, жоғалған жігітті іздеуге Көкшетау қалалық полиция басқармасының жеке құрамы мен берілген күштер бағдарланған. Сондай-ақ Рахман Жасланұлы туралы бағдарлар Ақмола облысы полиция департаментінің барлық аумақтық бөлімшесіне, көрші облыстардың полиция департаменттеріне жіберілген.

Сонымен қатар елордада іздеу іс-шараларын жүргізетін тәжірибелі қызметкерлерден арнайы топ құрылған. Жоғалған жігітті іздеуге еріктілер де қосылған.

Полиция Рахман Божантаевтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдар болса, 8778 645 35 79, 870 287 792 55, 8 (7162) 257 805 нөмірлеріне немесе 102 желісіне хабарласуды сұрайды.

Із-түзсіз жоғалған 21 жастағы ақмолалық жігіт іздестірілуде (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.