Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болашақ" бағдарламасының үміткерлеріне қойылатын талап күшейтілді

Опубликовано:

студенттер
Студенттер. Көрнекі фото: pixabay.com

2023 жылдан бастап "Болашақ" бағдарламасы стипендиясының үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтіліп отыр. Енді "Болашақ" бағдарламасының конкурстық іріктеуіне қатысу үшін үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс, деп хабарлайды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ресми сайтында.

Орталықтың мәліметінше, жаңа талап бойынша кандидаттар өтінім берген кезде шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынуы қажет.

Мысалға, ағылшын тілінде магистратураға түсушілер IELTS-тан нәтижесі 9.0-ден кем дегенде 6.0, TOEFL бойынша: PBT 677-ден 498, IBT 120-дан 60 сертификаттарын, тағылымдамадан өтушілер IELTS 5.0, TOEFL: PBT-417, IBT-35, DET 75 сертификаттарын ұсынуы тиіс.

"Биыл "Болашақ" бағдарламасының конкурстық іріктеу ережелері жетілдірілді. Бұл шара кандидаттардың құрамын сапалық жағынан арттыру үшін қабылданды. Шетелдік жоғары оқу орнының докторантурасына түсетін қазақстандықтарды қоспағанда, "Болашақ" бағдарламасының үміткерлері шет тілін жоғары деңгейде меңгергенін растауы қажет", - дейді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Айта кетейік, 2020 жылдан бастап "Болашақ" стипендиясын тағайындау конкурсына жеңілдігі бар кандидаттарды қоспағанда, жетекші шетелдік жоғары оқу орнынан шартсыз шақыруы бар үміткерлер ғана қатыса алады.

Сонымен қатар үміткерлер мемлекеттік тілден В1 және одан жоғары деңгей бойынша емтихан тапсырғаны туралы ҚАЗТЕСТ сертификатын ұсынуы керек.

Жалпы, 2023 жылы "Болашақ" бағдарламасы аясында 555 стипендия бөлінген. Оның ішінде 395 стипендия магистратура/резидентура, 50 – докторантура бағдарламаларына үлестірілген, сондай-ақ тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010460-bolasaq-bagdarlamasynyn-umitkerlerine-qoiylatyn-talap-kuseitildi/

pixel