Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан билігі Air Arabia әуе компаниясына айыппұл салды

Опубликовано:

ұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Рейстің кешігуі кезінде жолаушыларға қызмет көрсету талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан билігі "Air Arabia" әуе компаниясын әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

"Air Arabia" әуе компаниясы Алматы-Шарджа бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген қызметтерді (алкогольсіз сусындарды) ұсынбаған. Осыған байланысты компанияға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабын бұзғаны үшін 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Азаматтық авиация өкілдері осы талаптар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзған отандық және шетелдік әуе компанияларын жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасып жатқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010516-qazaqstan-biligi-air-arabia-aue-kompaniyasyna-aiyppul-saldy/

pixel