jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Астанада автобустардың бірінде жолаушылар жіп тартып, киім ілген

Жолаушылар автобуста киімдерін ілген
Видеодан кадр: instagram.com/cts_kz

Елордадағы автобустардың бірінің салонына жолаушылар киім-кешектерін жайып қойған. Мұндай видео әлеуметтік желіде тарады. Болған жайтқа қатысты CTS компаниясының өкілдері Instagram парақшасында пікір білдірді.

Бейнежазба әлеуметтік желіде 20 ақпанда жарияланған. CTS компаниясының анықтауынша, оқиға №21 автобустың салонында болған.

Компания дерегінше, белгісіз біреулер "Астана паркі" аялдамасында автобусқа міне салысымен салонда жіп тартып, киім-кешектерді іле бастаған. Олардың бірі мұны видеға түсірген.

Содан кейін жолаушылар "Аiland отбасылық демалыс орталығына" жеткен кезде реквизиттерін жинастырып, автобустан түсіп қалған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін автобус салонында орналасқан камераға түсірілген видео алынған.

"Аталған бейнематериал құқықтық баға беру және тиісті әрекет ету шараларын қабылдау үшін Астана қалалық полиция департаментіне жолданады", - деп хабарлады компаниядан.

Астанада автобустардың бірінде жолаушылар жіп тартып, киім ілген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.