jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Түркияға барып келген елордалық құтқарушы: Аман қалғандарды алып шығу біз үшін жеңіспен пара-пар болды

Кенжеболат Төлегенов
Кенжеболат Төлегенов. Фото: Құтқарушының жеке мұрағатынан

Елордалық Кенжеболат Төлегенов - Түркияда жойқын жер сілікінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан құтқарушылардың бірі. Ол бұл сапардан көп ой түйгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қайтыс болған адам денелерін шығарған кезімізде жүрегіміз ауырды, бұл төтенше жағдай біз көргеннен басқа болды. Өйткені жақындарын іздеп жылаған адамдар көп болды. Олар жоғалған адамдарды тек шашынан танып жатты.

Аман қалған әйелдердің дауысын естігенде қатты қуандық. Ал оларды алып шығу біз үшін жеңіспен пара-пар болды. Құтқару жұмысы 8 сағатқа созылды. Бір жерлерді тесу керек болды, құлаттық, қаздық, қолмен аршыдық, арматура кестік", - дейді Түркиядағы жұмысын еске алған Кенжеболат.

Оның сөзінше, бастапқыда адамдарды аман табу мүмкіндігі жоғары болған, ал қайтар уақыт таяғанда өкініш сезімі кернеген.

"Көп адам жақынынан айырылды. Өте ауыр жағдай, жыламау мүмкін емес", - дейді ол.

Сондай-ақ елордалық құтқарушы Қазақстанмен салыстырғанда Түркияда өзі көрген құлаған үйдің бетонының сапасы нашар екенін байқаған.

"Түркияда біз жұмыс істеген көпқабатты үй құм блоктан салыныпты. Кірпіштің іші бос. Ондай кірпіштер мынадай жер дүмпуіне, әрине, шыдас бермейді. Бетондарының да сапасы нашар екен. Біз Қазақстанда да жұмыс істеп жүрміз ғой, бізде бетон плиталар мықты, оны қолмен сындыра алмайсың. Түркияда бетонды қолмен ұрып сындыра салу қиын емес", - дейді Кенжеболат Төлегенов.

Түркияға барып келген елордалық құтқарушы: Аман қалғандарды алып шығу біз үшін жеңіспен пара-пар болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.