Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-дағы тікұшақ апаты: ТЖМ қайтыс болған азаматтардың аты-жөні мен суретін жариялады

Опубликовано:

БҚО-да апат болған тікұшақ
БҚО-да апат болған тікұшақ. Оқиға орнынан фото: t.me/qr_tjm

ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысында болған тікұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың аты-жөні мен суретін жариялады, деп хабаралайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан ТЖМ ұжымының атынан 2023 жылғы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының аумағында авиациялық оқиға кезінде қаза тапқан әріптестеріміздің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Қаза болған марқұмдардың аты-жөні:

  • Дәулетбай Қанатов Сабырбайұлы - ұшқыш-нұсқаушы;
  • Сиязбек Андосов Шажалиұлы - аға борт механик-нұсқаушы;
  • Жәрдем Доскалиев Қуанышқалиұлы - жетекші инженер;
  • Владимир Афанасьев Константинович - екінші пилот.

Еске сала кетейік, 23 ақпанда "ҚазТрансОйл" АҚ тапсырысымен құбырды тексеру бойынша ұшып шыққан "Қазавиақұтқару" Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонып, салдарынан тікұшақтағы 4 адамның мерт болғанын хабарлаған едік.

Азаматтық авиация комитетінің ақпаратынша, тікұшақ сағат 15:50-де БҚО-ның Чапурино елдімекенінен 6 шақырым қашықтықта қатты екпінмен келіп қонған. Бортта 5 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болған.

Қазіргі таңда тікұшақ апатына байланысты Көліктегі полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әуе көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010699-bqo-dagy-tikusaq-apaty-tzm-qaitys-bolgan-azamattardyn-suretin-zariyalady/

pixel