Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тікұшақ быт-шыт болды": БҚО-да әуе апатынан аман қалған азамат оқиғаның қалай болғанын айтты

Опубликовано:

Сергей Щеглов
БҚО-дағы әуе апатынан аман қалған Сергей Щеглов. Фото: mgorod.kz / Медет Медресов

Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ апатынан аман қалғандардың бірі - 62 жастағы Сергей Щеглов болған оқиғаның мән-жайын айтып берді. Қазір әуе апатынан зардап шеккен екі азамат та ауруханада жатыр, деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

62 жастағы Сергей Щеглов жағдайы қалыпты екенін, алайда әлі де ауырсынуларды сезетінін айтты. Айтуынша, оқиға әп сәтте болған және есінде ештеңе қалмаған.

"Орындықтардың арасына түсіп, аман қалдым. Басымнан қан ағып жатқанда оянып, басымды шүберекпен жауып алдым. Кейін құтқарушылар келді, оларға рақмет! Бәрін жасады. Өздігімнен шыға алмас едім. Қасымда тірі қалған жігіт болды, маған қарай келе алмады.

Ал мен шығуға қорықтым, өйткені айналамда істікшелер қақиып тұрды. Тікұшақ өртенген жоқ. Мен артында отыр едім... Тікұшақ қирап, быт-шыт болды. Мұның бәрі қалай болғанын білмеймін. Оның себептерін айта алмаймыз.

Біз үш сағатқа жуық ұштық. Барлығы тамаша сияқты еді. Біз ұшқанда ауа райы да жақсы болды. Ұшу кезінде жазбаларымды оқып, артта отырдым. Әп сәтте жерде жаттым.

Тікұшақтың жағдайы өте жақсы болатын, біріншіден ол 2021 жылғы жаңа тікұшақ еді. Екіншіден, онда барлық жағдай жасалған. Неге бұлай болғанын түсінбедім", - дейді зардап шеккен азамат.

Сергей Щеглов алғашқы көмек көрсеткен құтқарушылар мен медицина қызметкерлеріне алғысын жаудырды.

"Мен "Қазавиақұтқаруда" В2 санатындағы жетекші инженер болып жұмыс істеймін. Өзім Атырауданмын, 43 жылдық тәжірибем бар. Тікұшақтың радио, электр жабдықтарына жауап беремін. Қайтыс болған инженер қозғалтқыштарды қарайтын. Атыраудың ауылдарынан жүкті әйелдер мен науқастарды тасымалдап, құтқарушы едік", - деді Сергей Щеглов.

Еске сала кетсек, ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов БҚО-да 4 адамның өмірін жалмаған тікұшақ апатынының жай-жапсарын баяндаған еді.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігі әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010769-tikusaq-byt-syt-boldy-bqo-da-aue-apatynan-aman-qalgan-azamat-oqiganyn-qalai-bolganyn-aitty/

pixel