Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-дағы тікұшақ апаты: марқұмдардың отбасына қандай көмек көрсетіледі

Опубликовано:

БҚО-да тікұшақ апаты болған жер
БҚО-да тікұшақ апаты болған жер. Оқиға орнынан фото: mgorod.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов ведомствода өткен брифингте БҚО-да тікұшақ апаты салдарынан қаза тапқандардың отбасына "Қазавиақұтқару" АҚ жан-жақты көмек көрсететінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазавиақұтқару" қаза тапқандардың отбасына жан-жақты көмек көрсетуді өз мойнына алып отыр. Сондай-ақ жерлеу рәсіміндегі барлық шығынды "Қазавиақұтқару" өтейді. Олардың отбасына балалары кәмелеттік жасқа толғанға дейін шамамен бір айлық жалақысы көлемінде айсайынғы жәрдемақы төленетін болады. Ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті төлем төленеді", – дейді ол.

Еске сала кетейік, 23 ақпанда "ҚазТрансОйл" АҚ тапсырысымен құбырды тексеру бойынша ұшып шыққан "Қазавиақұтқару" Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонып, салдарынан тікұшақтағы 4 адамның мерт болғанын хабарлаған едік.

Кейін ТЖМ қаза болған азаматтардың аты-жөні мен суретін жариялады.

Сондай-ақ тікұшақ апатынан екі адам - "Қазавиақұтқару" АҚ-ның жетекші инженері мен "ҚазТрансОйл" компаниясының өкілі зардап шекті.

Қазіргі таңда тікұшақ апатына байланысты Көліктегі полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әуе көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2010726-bqo-dagy-tikusaq-apaty-marqumdardyn-otbasyna-qandai-komek-korsetiledi/

pixel