Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүмкін емес деп ойладым": Петропавл тұрғыны 109 млн теңге ұтып алып, бір күнде миллионер атанды

Опубликовано:

Победители розыгрыша Константин
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

14 ақпан - Ғашықтар күні Петропавл тұрғынына айрықша сәттілік әкелді. Бірақ әңгіме махаббат жайында емес. 36 жастағы Қазақстан азаматы лотереядан 109 миллион теңге ұтып алып, бір күнде миллионер атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл айрықша оқиғаның жай-жапсарын рет-ретімен баяндап берелік. Петропавл қаласының Константин есімді тұрғыны 14 ақпан күні туған күнін тойлап, сыйлыққа 18 мың теңге алған. Жуырда ғана Satty Zhuldyz лотереясына қызығушылық танытып жүрген ол, сол ақшаның бәріне Loto 6/49 тиражды лотереясының 60 билетін сатып алған.

Келесі күні, яғни 15 ақпанда ұтыс ойнатылып, артынша оған "Ұтыс құтты болсын!" деген жазуы бар ерекше SMS келген. Адам айтса нанғысыз ұтыс сомасын көрген петропавлдық бастапқыда өз көзіне өзі сенбепті.

Победители розыгрыша из Петропавловска
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Әдетте ұтыс ойнатылған кезде қарамаймын - маған SMS-тің келетіні қызығырақ. Қарасам, 109 530 900 теңге деп тұр! "Мұндай болуы мүмкін емес" дедім, "осынша ақша ұтып алу екіталай" деп ойлайтынмын. Сөйтсем, болады екен. Келесі күні маған "Сәтті Жұлдыз" АҚ кеңсесінен қоңырау шалып, ұтыс туралы хабарлады. Мен ол кезде жұмыста едім, жанымда ешкімнің болмағаны жақсы болды. Қатты таң қалдым, ерекше сезімде болдым", - деп мойындайды Константин.

Ол тіпті "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясының бренд-амбассадоры ұтысының чегін табыстап тұрған кезде де, жеңіске жеткеніне сеніңкіремеген.

"Отбасымда, достарым мен таныстарымның арасында мұндай ірі сомада ұтыс ұтып алғандардың алғашқысымын. Әлбетте, 300, 1000 теңге секілді кішігірім ұтыстар ұтып алып жүретінмін. Бастапқыда мен де лотереяға күдіктеніп, сенбейтінмін. Бірақ ұсақ-түйек сыйлықтар ұтып алып жатқаннан кейін, сене бастадым. Бұрын қағаз түріндегі лотерея билеттерін сатып алатын едім, кейіннен онлайнға көштім - бұл ыңғайлы", - дейді Петропавл тұрғыны.

Айтпақшы, оның бір сәтте мультимиллионер атанғанын әлі ешкім, тіпті жұбайы да білмейді. Константин чек қолына тигенше, оған ештеңе айтпауды шешкен. Десе де екі баланың әкесі ұтысын қайда жұмсайтынын жақсы біледі.

"Пәтер жалдап тұрамын. Сондықтан, пәтер сатып аламын. Сонымен бірге авто сатып алатын шығармын, себебі өзімнің көлігім ескі. Одан кейін, бәлкім, демалысқа барып келуіміз де мүмкін", - деп жоспарын бөлісті жеңімпаз.

Ол, әлбетте, осы ұтқан ұтысына қанағат етіп, тоқтап қалмайтынын айтады. Константин алдағы уақытта да осы секілді құнды сыйлықтар ұтып алудан үмітті.

Константин
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Сәттілік серік болды деп ойлаймын. Сену керек, сенім арту керек, басында кішігірім ұтыстар жеңіп жатсаңыз да, тағы да қатыса беру керек. Бірақ қатысудың жөні осы екен деп, өзіңе, отбасыңа зиян келтірмеу керек. Жеңіске сену керек", - деп ақылын айтты ол лотерея билетін сатып алудан тартынып жүрген жандарға.

Константиннен үлгі алған кез келген жан жеңімпаз атануы бек мүмкін. Одан бөлек, пәтер ұтып алу мүмкіндігі де бар. 12 наурызда кезекті баспана ұтысы өткізілмек. Оған қатысу үшін "Сәтті Жұлдыздың" TeleBingo лотереясының 5 билетінен тұратын "Пәтер" ЛотоЖинағын сатып алу керек.

Әр билеттегі комбинация кездейсоқ таңдалады. Бір қатысушы сатып алуға болатын ЛотоЖинақ санына шектеу жоқ. Ұтыс 2023 жылғы 12 наурыз күні сағат таңғы 9:00-де "31 арнаның" тікелей эфирінде ойнатылады.

Айта кететін бір жайт, өткен 2022 жылы 118 қатысушы миллионер атанды. Оған қосымша бес пәтер және жеті автокөлік, сондай-ақ тағы бес пәтер мен жеті автокөлік ойнатылды.

"Сәтті Жұлдыз" АҚ жыл сайын responsible gamе қағидалары бойынша сертификаттау аясында аудиттен өтетінін еске сала кеткен жөн. Бұл компанияның WLA (Әлемдік Лотерея қауымдастығы) және ELA-дағы (Еуропалық Лотерея қауымдастығы) дәрежелерін растауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар компания операциялық ойын табысынан 10 пайызын отандық спортқа бөліп, аталған салаға қолдау көрсетеді. Дәл осындай үлес "Қазақстан Халқына" Қоғамдық қорына да бөлінеді.

Мәселен, компания өзі қызмет еткен кезең ішінде Қазақстандағы спорт саласын дамытуға 7,65 млрд теңге жұмсаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010776-mumkin-emes-dep-oiladym-petropavl-turgyny-109-mln-tenge-utyp-alyp-bir-kunde-millioner-atandy/

pixel