Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боран, көктайғақ, аяз: Қазақстанның 14 өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

боран
Боранды күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер жексенбі, 25 ақпанда, Қазақстанның 14 өңірінде дауылдық ескерту жариялады. Метеорологтардың болжамынша бүгін еліміздің солтүстігінде боран мен көктайғақ болса, оңтүстікте жауын-шашын болады деп күтілуде, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Осылайша, синоптиктердің мәліметінше, Алматы облысында күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), тұман, көктайғақ күтіледі.

Сол сияқты Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен шығысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігі мен орталығында, күндіз екпіні 15-20 құрайды. Өңірдің батысында желдің күші 25 м/с жетуі ықтимал.

Ал Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Өңірдің солтүстігін тұман басады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Сонымен қатар Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғып, өңірдің батысы мен оңтүстігінде күндіз жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысының батысында да, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстік жартысында тұман күтіледі. Сондай-ақ оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Бұдан бөлек түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіліп, оңтүстік-батыстан жел соғады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде де тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с құрайды.

Бұдан бөлек Ақтөбе облысында күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғып, оның екпіні 18 м/с-ке жетеді деп күтілуде.

Сол сияқты Абай облысында қатты қар жауады, сонымен бірге облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді деп болжануда. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасы түнде 0-3 жылыдан -25 аязға дейін, күндіз 2-7 жылыдан -16 аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.

Ал Шығыс Қазақстан облысында қар мен жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын жауады деп болжануда. Осылайша облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. 25-26 ақпан аралығында ауа температурасының түнде 0-3 жылыдан -25 аязға дейін, күндіз 4-9 жылыдан -16 аязға дейін күрт төмендеуі ықтимал.

Сондай-ақ синоптиктер мәліметінше, 25 - 27 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласы маңындағы аймақтарда қар аралас жаңбырдың жаууына, сондай-ақ ауа температурасының жоғарылауына байланысты қар қарқынды еріп, тау беткейлерінен тасқын су ағады, өзен-суларда мұз әлсіреп, су деңгейі көтеріледі. Бұл ретте су арнасынан тасып, тасқын болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, Үлкен және Кіші Алматы тауларында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні жүруі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010823-boran-koktaigaq-ayaz-qazaqstannyn-14-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel