Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызығушылығын жұрттан жасырып келген": ШҚО-да тоқымашы ер адам талантымен көпшілікті тәнті етуде (видео)

Опубликовано:

Александр Гармашов
Александр Гармашов: Хабар24

ШҚО-ның Шемонайха қаласының 52 жастағы тұрғыны тоқыма тоқып, тұрғындарды талантымен тәнті етіп жүр. Бала кезден қолөнерге әуес болған Александр Гармашов мұндай қызығушылығын көпке дейін жұрттан жасырып келген, деп хабарлайды Хабар24.

Телеарнаның мәліметінше, Александр Гармашовтың тоқуға деген қызығушылығы 5 жасында оянған. Бүгінде Александрда тоқуға керек заттың бәрі бар. Арасында темірден жасап алған ескі біздері де кездестіруге болады.

Александар бастапқыда бұл өнерін көпшілікке көрсетуге қатты қысылған. Ұл-қызының қолдауынан кейін тоқыған бұйымдарын әлеуметтік желіде көпшілікке көрсете бастаған.

"Бұл өнеріңізді әлеуметтік желіге салайық, елге көрсетейік деп ең алдымен қызым ұсыныс жасады. Мен бірден келіскен жоқпын. Өйткені қоғам қалай қабылдар екен, балаларымның бетіне басар ма екен деп жасқандым. Олардың пікірін тыңдап, қолдауын сезген соң ғана әлеуметтік желіде насихаттауға рұқсат бердім", - дейді Александр Гармашов.

Александрдың сөзінше, тоқу ауыр ойдан арылтады, шаршағанды басып, адамды сабырлы болуға үйретеді. Сондай-ақ ол бұл істе адамның математикадан хабары болу керектігін айтады.

"Мысалы кеудешенің жеңін шығару үшін, бір тоқығанда ілмек санын кемітіп, екіншісінде қосып отыру керек. Әйтпесе олпы-солпы болып дұрыс өнім шықпайды. Ал оның бәрі математика", - дейді Александр.

Қазіргі таңда Александрға Ресейден, Германиядан тапсырыс түсе бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010998-sqo-da-52-zastagy-toqymasy-er-adam-talantymen-kopsilikti-tanti-etude-video/

pixel