jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

ТЖД Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталатынын ескертті

Қар көшкіні
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысының тауларында наурыз айының басында қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Алматы облысының тауларында 1-6 наурыз аралығында көшкін жүру қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан, қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды",- деп жазылған хабарламада.

Сонымен бірге, ведомство, Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар екенін мәлімдеді.

"Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады",- дейді ТЖД өкілдері.

ТЖД Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталатынын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.