jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

1 наурызда Қазақстанның ірі қалаларында күн райы қандай болады

Көктем
Көрнекі фото: pixabay.com

Көктемнің алғашқы күнінде Алматы мен Шымкент қалаларында күн ашық болады, ал Астанада қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда күн райы жауын-шашынсыз болады. Күндіз сынап бағанасы +9...+11°C, түнде +2°C жылы болмақ. Желдің күші секундына 0-5 метрге жетеді.

Шымкент қаласында 1 наурызда күн ашық әрі +16...+18°C жылы болады деп күтілуде. Ал түнде сынап бағанасы +2...+4°C-қа дейін түседі. Үшінші мегаполисте жауын-шашын болмайды, дегенмен жел 5-10 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Ал еліміздің бас қаласы - Астанада бүгін қар аралас жаңбыр жауып, күші 9-14 м/с және екпіні 17-22 м/с дейін жететін жел соғуы ықтимал. Күндіз ауа температурасы +1...+3°C-ты көрсетсе, түнде +1...-1°C аралығында болмақ.

1 наурызда Қазақстанның ірі қалаларында күн райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.