Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз ісінің "зергері": Металл кескіш Николай Лебедев кен байыту фабрикасындағы жұмысы туралы айтты

Опубликовано:

Металл кескіш Николай Лебедев
Металл кескіш Николай Лебедев. Фото: Kazakhmys Holding

Николай Лебедев "Балқашцветмет" ӨБ Балқаш кен байыту фабрикасы қалдықтарды қоймалау цехының қалдықтарды гидравликалық төсеу бригадасында 5-разрядты металл кескіш болып жүмыс істейді. Мұндай ерекше мамандыққа қалай келгенін және оның жұмысы несімен ерекшеленетінін маман "Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметіне баяндап берді.

Николай Лебедов еңбек жолын БМЗ-ның купорос участогында бастап, артынша БМЗ-ның құнды металдар цехы құрылысын жүзеге асырып келген құрылыс-монтаждау басқармасында жалғастырған. Құрылыс аяқталған соң қалдықтарды қоймалау цехына ісспарамен жіберіліп, сол жерде бүгінге дейін еңбек етіп келеді. Николай жұмыс істейтін бригадада 8 адам бар.

"Біздің бригада іскер әрі өндірісте тәжірибесі мол. Бригада басшысы Ерлан Нұрғалиевтен бастап барлығының өз мамандығы бойынша разряды жоғары. Олар - дәнекерлеушілер, монтаждаушылар, желілік тексерушілер және барлығы да өте құнды, саусақпен санарлық кәсіби жұмысшы. Егер атымен атар болсақ, Сергей Марков, Мұрат Керімжанов, ағайынды Антон пен Сергей Добановтар, Серікбол Шайхылыс, Андрей Балицкий. Мықты, сенімді жігіттер. Олармен бірге жауға да, барлауға да баруға болады", - дейді Николай Лебедев.

Металл кескіштер бүкіл Балқаш өндірістік алаңының технологиялық процесінен қалған материалдар сақталатын қалдық қоймасының 1,6 км болатын ауқымды аумағын айналдыра қоршап жатқан көлемі әр түрлі құбырлармен күнделікті жұмыс істейді.

Николай Лебедев – бес аспап шебер. Металл кескіш мамандығынан бөлек ол тағы да екі мамандықты меңгерген. Бірі – электрлі-газды дәнекерлеуші және екіншісі матаушы. Оның өндіріс саласында еңбек етіп жүргеніне 22 жылдың жүзі болды. Қазіргі таңда ол металмен жұмыс істеу бойынша тәжірибесі мол үздік маман саналады.

Көпжылдық адал еңбек жолында Николай фабрика басшылығынан бір емес, бірнеше мәрте грамоталармен және сыйлықтармен марапатталған. Ал биыл Николай Лебедев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» марапатымен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011377-oz-isinin-zergeri-metall-keskis-nikolai-lebedev-ken-baiytu-fabrikasyndagy-zumysy-turaly-aitty/

pixel