jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Ақтаулықтар 101 жастағы қарияға барып, алғыс айтты

Тоқып отырған әже
Қария. Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтау тұрғындары 101 жастағы зейнеткердің үйіне барып, "Алғыс айту" мерекесімен құттықтады. 1922 жылы дүниеге келген Қанаш Жарылғасова соғыс жылдары тылда еңбек етіп, жұбайымен бірге 9 бала өсірген, деп хабарлайды 24.kz.

Ғасыр жасаған қария санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласының ардагері. Ол Ұштаған ауылында өмірге келген. Арнаулы оқу орнын аяқтап, Маңғыстау ауданында Ильич деп аталған кеңшарда санитариялық-бақылау бөлімшесінде зейнетке дейін жұмыс істейді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Ыстыбай Жарылғасұлы есімді жауынгерге тұрмысқа шығып, алты ұл мен үш қыз тәрбиелейді. Қазір олардан тараған 155 ұрпағының қызығын қызықтауда.

Жарылғасовтар жанұясы
Жарылғасовтар жанұясы. Фото: 24.kz

Арна мәліметінше, қарттығына қарамастан қарияның санасы сергек, қимылы ширақ. Тек есту қабілеті сәл нашарлаған. Әжей Ақтауда кенже ұлының қолында тұрады. Жақындары әжейдің ұзақ жасауын үй шаруасымен үнемі қозғалыста болғанымен және шұбатты жиі ішуімен байланыстырады.

"Тамақ уақытында міндетті түрде таза бір стақан шұбат ішеді. Бірде құлап қалған еді. Мен сынған шығар (бір жері - ред.) деп едім. Дәрігерлер "жоқ, бұл кісіде кальций өте көп екен" деп айтты. Сонымен жазылып кетті. Осы күнге дейін бұл кісінің қан қысымы жоқ", - деді әжейдің кенже келіні Жамиға Тілегенова.

Ал әжейдің өзі алғыс айтып келгендерге бата берді.

"Менің жасымды берсін. Еліміз аман, тыныш болсын. Балаларымыз аман болсын. Мүдірмесін, бәрінің де ойлағаны болсын", - деді 101 жастағы зейнеткер Қанаш Жарылғасова.

Ақтаулықтар 101 жастағы қарияға барып, алғыс айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.