jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Жаңбыр, жел, 21 градус жылы: Бүгін елдің үш ірі қаласында ауа райы қандай болмақ

бүршік атқан тал
Бүршік атқан тал. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бейсенбі, 2 наурызда Астан мен Шымкент қалаларында қатты жел соғады деп күтілуде. Ал оңтүстік астанада синоптиктер бүгін күн жылы болады деп болжап отыр, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Алматыда бүгін күндіз +11...+13°C, түнде +2...+4°C жылы болады. Оңтүстік астанада жауын-шашын жаумайды, ал желдің жылдамдығы секундына 0-5 метрге жетеді.

Шымкентте күндіз сынап бағаналары +19...+21°C-қа дейін көтеріліп, түнде +6...+8°C жылы болады. Шаһарда жауын-шашын болмайды, дегенмен 15-20 м/с дейін екпінді жел соғуы мүмкін. Сондықтан мегаполисте дауылдық ескерту жарияланды.

Еліміздің бас қаласы - Астанада бүгін жаңбыр жаууы ықтимал. Ауа температурасы күндіз 0...°C, түнде -6-8°C салқын болады. Сондай-ақ елордада 15-20 м/с дейін екпінді жел мен көктайғақ салдарынан дауылдық ескерту жарияланды.

Жаңбыр, жел, 21 градус жылы: Бүгін елдің үш ірі қаласында ауа райы қандай болмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.