jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш өңіріндегі учаскеде қозғалыс уақытша шектелді

Аязды күні жолда кетіп бара жатқан көлік
Жол. Көрнекі фото: Рixabay.com

Еліміздің үш өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

ҚазАвтоЖол-дың мәліметінше, 2 наурыз сағат 19:05 ақпаратқа сәйкес, мына өңірлердегі учаскеде қозғалыс уақытша шектелген:

  • Абай өңірінде "Алматы-Өскемен" тасжолының Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілген;
  • Шығыс Қазақстан облысында "Алматы-Өскемен" тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығында жол қозғалысына шектеу енгізілген;
  • Қарағанды облысында "Екатеринбург-Алматы" тасжолының Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылған.

Бұл ретте компания өкілдері Ақмола облысында Щучье-Зеренді тасжолында және "Екатеринбург-Алматы" тасжолының Атбасар қаласынан Қажымұқан ауылына дейінгі аралығында жол қозғалысына енгізілген шектеу алынғанын атап өтті.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш өңіріндегі учаскеде қозғалыс уақытша шектелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.