jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Қарлы боран, көктайғақ және қатты жел: Астанада және облыстарда дауылдық ескерту жарияланды

Боранды күн
Боранды күн. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қазақстанның тоғыз облысында 4 наурыз, сенбі күні жел күшейіп, көктайғақ пен қарлы боран болады. Соған байланысты дауылдық ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" мемлекеттік метеорологиялық қызметінің сайтында хабарланды.

Синоптиктердің болжауынша, ертең Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді күтіледі.

Абай облысының орталығында және оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады.

Ал Семейде көктайғақ болып, екпіні 30 м/с болатын жел соғады.

Ақтөбе облысында да бұрқасын, көктайғақ, екпіні 15 м/с жел соғады.

Сондай-ақ Астанада дауылдық ескерту жарияланды. Елордада желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарында да жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді. БҚО-да қатты желден бөлек көктайғақ күтілуде.

Қарлы боран, көктайғақ және қатты жел: Астанада және облыстарда дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.