Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоғам белсендісі: Түркістанда кәмелетке толмаған жас қызды жезөкшелікпен айналысуға итермелеген

Жарияланған күні:

бойжеткен
Бойжеткен. Көрнекі фото: pexels.com

НемолчиKZ қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Түркістан қаласындағы қонақ үйлердің бірінде болған жайт туралы хабарлады. Қоғам белсендісінің айтуынша, онда кәмелетке толмаған жас қызды жезөкшелікпен айналысуға итермелеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дина Таңсәрінің желідегі жазбасына сүйенсек, кәмелетке толмаған қыз бала - тұл жетім. Қоғам белсендісі қыздың басынан өткен жайтты баяндап, көмек сұрап жазған адамның хатын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Б. есімді бойжеткен Түркістан қаласына 17 жастағы қыз баланы жеңіл жүріспен ақша табуға шақырып алған. Кәмелетке толмаған қыз бала үшін тапсырыс беруші ақша төлеген. Б.есімді бойжеткен жас қызды қонақ үйге жіберген. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген қыз бала шошып сылтау айтып, бас тартады. Клиент ақшасын қайтаруды талап еткен. Жас қыз Б.есімді бойжеткенге ақшаны клиентке кері аударуды сұрап хабарласады. Б. ақшаны қайтармайтынын айтып, жұмыс істеуді талап етеді. Клиент пен жасы кәмелетке толмаған қыз бала арасында жанжал шығады. Қонақ үй бөлмесіне қыз баланы қалдырып, есігін құлыптап, клиент кетіп қалады. Бір сағат өткен соң белгісіз үш әйел келіп кәмелетке толмаған қыз баланы ұрып-соға бастайды. Балконға қамап қояды. Жас қыз балконда тұрып Б.ға хабарласады. Ол телефонға жауап бермейді. Жарты сағаттан кейін үш әйел балконда жас қыздың қолынан телефонын алып өзін балконнан итеріп жібереді. Қонақ үй қызметкерлері жедел жәрдем қызметі мен полиция шақырады", - делінген хатта.

НемолчиKZ қорынан көмек сұрағандар кәмелетке толмаған қыз баланың денсаулығы әлі де қалыпқа келмегенін айтқан. Қор басшысы Дина Таңсәрі жазбасында аса ауыр бірнеше қылмыс құрамы бар іс бойынша тек бір бап бойынша тергеу жургізіліп жатқанына наразылық білдірген.

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, аталған жайт бойынша қылмыстық іс 105 баптың 3 бөлігімен қозғалған, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

"Тергеу барысында оқиғаның қатысушыларынан, қонақ үй қызметкерлерінен жауап алынды. Сондай-ақ қонақ үйдегі барлық бейнебақылау камералары да тексерілді.  Заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі таңда жедел-тергеу шаралары жан-жақты атқарылуда. Тағайындалған сараптамалардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады", - делінген хабарламада.

Полиция жас қыздың Алматы қаласының тұрғыны екенін атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011744-qogam-belsendisi-turkistanda-kameletke-tolmagan-zas-qyzdy-zezokselikpen-ainalysuga-itermelegen/