Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менімен бірге жылады": Қазақстанға келген Корея азаматы 50 жылдан соң марқұм әкесі туралы тың ақпарат білді

Опубликовано:

Ким Дже Вон әкесі туралы
Ким Дже Вон әкесі туралы тың деректер тапты. Скриншот: 24.kz

Оңтүстіккореялық Ким Джэ Вонның әкесі Герберт Ким кезінде қуғын-сүргінге ұшырап, 12 жыл ғұмырын Қазақстандағы лагерьде өткізген. Сеулдегі Қазақстан елшілігі Ким Дже Вонға қуғын-сүргінге ұшыраған әкесінің барлық құжатымен танысуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды 24.kz.

Телеарна дерегінше, Корея азаматы Ким Дже Вон 50 жылдан кейін марқұм әкесі туралы тың ақпарат тапқан. Ким Дже Вон әкесін тек фотодан танып өскенін айтты.

Ким Дже Вонның әкесі Гилберт Ким - Қытай азаматы, АҚШ университетінің түлегі. 1930 жылдары Степняк пен Жолымбеттегі шахталарда жұмыс істеген. Шетел азаматына Қазақстандағы өмір ұнап, шаңырақ көтеріп, тұңғышы Роберт дүниеге келген. Қызы Ким Дже Вон сталиндік қуғын-сүргін жас отбасының өмірін тас-талқан еткенін білді.

"1936 жылы кеніште қызметкерлер бірінен соң бірі жоғала бастайды. Олардың қайда екенін сұрағанда, ешкім жауап бере алмады. Сөйтіп, әкем бірдеңе дұрыс емес екенін сезіп, кету керек деп шешеді. Шетелге сапар ұйымдастыру үшін Петропавлға барды. Бейсенбі барған, оған жұма күні келіңіз дейді. Жұма күні келсе, құжаттарды толтыруға көп уақыт керек дейді. Сөйтіп отырғанда, демалыс күні түнде оны НКВД алып кеткен", - дейді Ким Дже Вон, Герберт Кимнің қызы.

Ким Дже Вонның айтуынша, әкесі бірінші жарымен 1 жыл бойы кездесе алмай, ұлын алып, АҚШ-қа көшеді. Сол кезде Гербердке тыңшылық жасады деген айып тағылады. Сөйтіп, өлім жазасына кесілгенмен, кейін 25 жылдық қамауға ауыстырылды. Бұл үкімге Кореяның уақытша үкіметінің мемлекеттік комиссары болған Герберттің әкесі араласып, ол 1942 жылы ұлын босатуға қол жеткізді. 1949 жылы Герберт Кореяға оралды, онда ол екінші рет үйленді. Бірақ 8 айдан кейін Гербертті Солтүстік Корея сарбаздары ұрлап әкеткенін айтты қызы.

"2018 жылы Қазақстанға алғаш келгенімде, ол туралы ештеңе білмедім. Кореяда қазақстандықтарды кездестірмедім. Сондықтан елдің қаншалықты үлкен екеніне, мұнда қайырымды адамдардың барына таңғалдым. Маған көп адам көмектесті. Мұрағатқа жалғыз келдім, тіпті фотоаппаратымды да ала алмадым. 2 қызметкер келіп, менің қасыма отырып, маған ағылшынша бәрін түсіндіре бастады, құжаттарды көрсетіп, менімен бірге жылады. Сонда Қазақстанда сталиндік саясаттан зардап шекпеген отбасы жоқ екеніне көзім жетті", - дейді Ким Дже Вон.

Телерарнаның ақпаратынша, Кореяға оралғаннан кейін Ким Дже Вон күйеуімен бірге кітап шығарған. Тарихшыларды Герберттің тағдыры қызықтырып, Алматы мұрағатында Дже Вон ғалымдар үшін жаңа материалдар жинауды көздеп отыр. Бірақ кореялық әйел оның оңайға соқпайтынын, 85 жыл өтсе де, материалдарын тек көруге рұқсат етілгенін, көшірме жасауға болмайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011750-menimen-birge-zylady-qazaqstanga-kelgen-koreya-azamaty-50-zyldan-son-marqum-akesi-turaly-tyn-aqparat-bildi/

pixel