jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

19 градус жылы, найзағай, жел: бүгін елдің үш ірі қаласында күн райы қандай болады

бүршік атқан тал
Бүршік атқан тал. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер бүгін, 5 наурызда Алматы, Астана мен Шымкент қалаларында күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Алматыда күн ашық, жауын-шашынсыз, кейде ала бұлтты болуы мүмкін. Сынап бағанасы күндіз +16...+18 градус жылыны көрсетеді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с дейін жетуі ықтимал.

Жексенбіде Астанада қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі. Сондай-ақ термометр бағаны -1...-3 градус суықты көрсетеді.

Ал Шымкент қаласында жауын-шашын жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +17...+19 градусқа дейін көтеріледі. Синоптиктер жел 8-13 м/с дейін күшейіп, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп болжайды.

19 градус жылы, найзағай, жел: бүгін елдің үш ірі қаласында күн райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.