jitsu gif branding logo appbranding logo app

СІМ Түркияда үйінді астынан құтқарылған қазақстандық қыз елге оралғанын айтты

Түркиядағы жер сілкінісінен кейінгі көрініс
Түркиядағы жер сілкінісінен кейінгі көрініс. Фото: Orhan Pehlul/Anadolu Agency/Getty Images

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Түркияда құтқарылған қазақстандық Сабина Мамадиярова туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айбек Смадияров Сабина Мамадиярова ауруханада жатқанда онымен үнемі байланыста болғанын айтты.

"Оның жанында туыстары болды. Ол Қазақстанға оралды. Бірақ ол өзін мазаламауды өтінді. Сабина қандай да бір түсініктеме беруді қаламайды. Әрине, Анталия – Алматы рейсіне көмектестік", – деп қосты ол.

Еске салсақ, 8 ақпанда Хатай провинциясының Антакия қаласында іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Түркияның Төтенше жағдайлар министрлігі қираған үйден Қазақстан азаматы Сабина Мамадиярованы алып шыққан еді.

Сол кезде хабарланғандай, Сабинаның қолы сынған. Кейін оның жарақат алған қолына ота жасалғаны белгілі болды.

СІМ Түркияда үйінді астынан құтқарылған қазақстандық қыз елге оралғанын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.