jitsu gif branding logo appbranding logo app

Тоқаев екі полиция қызметкерін "Айбын" орденімен марапаттады

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының екі қызметкерін ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды президент баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды:

  1. Әріпжанов Арман Талғатұлы, Ішкі істер министрлігінің Шымкент қаласы полиция департаменті "Тұран" ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі;
  2. Қоңысов Бекен Кеңесұлы, Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы полиция департаменті Сарысу ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі.

Айта кетсек, биыл 20 ақпанда Арман Әріпжанов өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан Шымкент қаласындағы қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні құрықтаған болатын.

Сондай-ақ биыл 19 ақпанда Бекен Қоңысов Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қарулы қылмыскерлердің қылмыстық әрекетінің жолын кесу кезінде батылдық пен ерлік танытты.

Тоқаев екі полиция қызметкерін "Айбын" орденімен марапаттады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.