jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда көлік жүргізуді онлайн оқыту тоқтатыла ма: Ішкі істер министрлігі түсіндірді

Жүргізуші
Жүргізуші. Көрнекі фото: Рexels.com

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов министрлер кабинетінің кулуарында Қазақстанда онлайн жүргізушілік курстары тоқтатылуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марат Ахметжанов көлік жүргізуді оқыту бойынша онлайн сабақтарды тоқтату мәселесі талқыланып жатқанын айтты.

"Қазір талқылап жатырмыз. Бүгінгі таңда үлкен талдау жүріп жатыр, ол ғылыми негізделген болуы тиіс. Бас-аяғы жоқ сабақты тоқтата салуға болмайды, ертеңгі күні сіз айтқандай, қандай да бір қарсылық немесе жағымсыз салдары болуы мүмкін. Біз мұның бәрін есептейміз, бүгінде шешім әлі қабылданған жоқ.

Әзірге олар (онлайн жүргізу курстары – ред.) болады. Мүмкін оны қалдыру керек шығар, өйткені елдің бәріне барып оқу ыңғайлы бола бермейді, мен мұның бәрін түсінемін, бірақ адамдарды тасымалдаумен айналысатындар үшін оларға қатаң шаралар қолданамыз. Автокөліктерді техникалық байқау мәселелері бойынша заңдастырудан кейін тиісті шаралар қабылданады", – деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар, ол көлік айдауға рұқсат беретін емтихан тапсыру рәсімін қатаңдату жоспарлары туралы айтты.

"Біз емтихан тапсыруға қойылатын талаптарды қатайтамыз, өйткені емтиханға бір адамның орнына басқа адам кірген кездер анықталды. Біз іс-шаралар кешенін, ұйымдастырушылық, заңнамалық шараларды қабылдаймыз, бірақ бүгінде бәрі талқылауға шығарылады. Қоғамның, біздің тұрғындардың пікірі ескерілетін болады", – деп сендірді ІІМ басшысы.

Қазақстанда көлік жүргізуді онлайн оқыту тоқтатыла ма: Ішкі істер министрлігі түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.