jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қолайсыз ауа райына байланысты үш облыста жолдар жабылды (видео)

Қар
Көрнекі фото: pixabay.com

Ауа райының бұзылуы салдарынан Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында жол жабылды. Бұл туралы "Қазавтожол" Telegram арнасында хабарлады.

"Қазавтожолдың" ақпаратынша, 7 наурыз сағат 17:30-дағы ақпаратқа сәйкес 3 облыста ауа-райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай өңірлерінде тасжолдар жабылды.

Республикалық автожолдарды күтіп-ұстау үшін 400 бірлік жол - пайдалану техникасы мен 500 қызметкер жұмылдырылды.

Айта кетсек, "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 8 наурызға қараған түні Ақмола ооблысында бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ал облыстың шығысында желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал.

Сондай-ақ Қостанай облысында бұрқасын болып, тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Қолайсыз ауа райына байланысты үш облыста жолдар жабылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.