"Тауға барудан бас тартқан дұрыс": ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Жарияланған күні:
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 8-10 наурыз аралығында қатты жауын-шашын күтілуіне және ауа-райының күрт жылынуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталатынын айтты. Бұл туралы ведомство Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, Қазгидрометтің № 6 дауылды ескерту негізінде 8-10 наурыз аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына, қатты жауын-шашынның күтілуіне байланысты қар көшкіні болуы мүмкін.
"Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, мүмкіндік болса тауларға барудан бас тартқан дұрыс", - деп ескертеді департамент өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012187-tauga-barudan-bas-tartqan-durys-tzd-almatylyqtarga-undeu-zasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.