Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік әйелдер 58 жастан зейнетке шығуды талап етіп, бейбіт митингке шықты (видео)

Жарияланған күні:

Бейбіт шеруге шыққан әйелдер
Ақтөбелік әйелдер бейбіт шеру ұйымдастырды. Фото: diapazon.kz

Кеше, 8 наурызда Ақтөбедегі "Авиатор" саябағында әйелдер 58 жастан зейнетке шығуды талап еткен бейбіт митинг өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, митингке 20 шақты әйел қатысқан. Қазақстандағы әйелдер қозғалысының белсенділері жалпы еңбек өтілі 30 және одан да көп жыл, 2, 3 топтағы мүгедек, көпбалалы ана мәртебесі бар олар әйелдер 58 жаста зейнетке шығуы керек деп санайды.

Сондай-ақ олар егер әйел 1-3 топтағы мүгедек бала тәрбиелеп отырса, 58 жастан зейнетке шығуды қамтамасыз етуді талап етеді.

Митингке қатысқан әйелдер 55 жастан кейін көпшілігінің денсаулығы еңбекке жарамайтынын айтты.

"Әйелдер екі ауысымда жұмыс істейді, жұмыстан кейін үйде балалары мен күйеуіне қарайды, үй жинайды, тамақ жасайды. Мұны да ескеру керек", - деп есептейді Ольга Смирнова.

Басылымның жазуынша, 60-қа келген әйелді ешкім жұмысқа алмайтынын айтқан әйелдер көбіне балалары мен туысқандарына күндері қарап қалады деп жанайқайын жеткізген.

"2017 жылға дейін құрылыс нысандарында жұмыс істедім. Бірақ қазір денсаулығыма байланысты ауыр жұмыс істей алмаймын. Мен немерелерімді қараймын, қосымша жұмыстар аламын. Мен қазір 58 жастамын, қыркүйекте 59-ға толамын. Омыртқам ауырған соң таңертең төсектен тұрудың өзі қиын. Тұрақты жұмыс жоқ, бұндай аурумен жұмысқа қабылдамайды да", - дейді митинге келген Гүлнәр есімді әйел.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012198-aqtobelik-aielder-58-zastan-zeinetke-sygudy-talap-etip-beibit-mitingke-syqty-video/