Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ: Депутат Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ

Опубликовано:

Гүлмира Кәрімова
Гүлмира Кәрімова. Фото: gov.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов сенат кулуарында депутат Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істің барысы туалы сұрақққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кулуарда БАҚ өкілдері сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты не себепті "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын сұрады. Журналистер оның кісі қолынан қаза тапты деуге негіз бар ма деп сұрады.

Министрдің сөзінше, марқұм депутаттың өліміне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған.

"Бүгінде Қазақстанда СДТБТ (Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі – ред. ескертпе) бар. Яғни, кез келген арыз – зорлық-зомбылық бойынша, зорлық-зомбылықсыз өлім – бәрі тіркеледі. Өлімнің себебін яғни, кенеттен немесе зорлықпен өлтірілгенін, әлде басқалай жағдайда болғанын анықтау үшін арнайы зерттеулер, сараптамалар жүргізіледі. Ол үшін СДТБТ-ға тіркеу қажет.

Ешқандай іс қозғалған жоқ, СДТБТ-да тіркелді. Соның аясында өлімнің себебін анықтау мақсатында тексеру және сот-медициналық сараптама жүргізілуде", – деп жауап берді Марат Ахметжанов.

Министр мұның қалыпты процедура екенін атап өтті.

"Кез келген өтініш тіркеледі және сол бойынша СДТБТ аясында тексеру жүргізіледі. Ешқандай арыз қажет емес. Өлім себебі анықталмаса, сараптама тағайындалады. Ал СДТБТ-да тіркеусіз сараптама тағайындау процессуалдық тұрғыдан мүмкін емес", – дейді ІІМ басшысы.

Еске сала кетейік, биыл қаңтар айының соңында жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімованың 45 жасында өмірден өтті. Сол кезде оның өліміне анафилаксиялық шок себеп болуы мүмкін екені айтылған еді.

Кейін сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысы шығып, оған сәйкес анафилаксиялық шок диагнозы расталмай, депутаттың өліміне жүрек талмасы (жедел миокард инфарктісі) себеп болғаны анықталды.

Ал ақпан айының соңында сентордың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012291-iim-deputat-gulmira-karimovanyn-olimine-qatysty-qylmystyq-is-qozgalgan-zoq/

pixel